Туристтерді сақтандыру

Демалысқа жиналдыңыз ба? Өзіңіздің чек тізіміңізге шетелге шығушылардың сақтандырылуын қосыңыз!

Шетелге шығатындарды сақтандыру келісімшартын Қазақстан Республикасының аймағынан тыс шыққанға дейін алу қажет.

Сапарыңызды сипаттап беріңіз

*Жол жүру мақсатына тәуелсіз, егер сіз әуесқой спортпен шұғылдануды жоспарласаңыз, спорт Түрін көрсетіңіз

Сақтандыру опцияларын таңдаңыз

Сіздің байланыс деректеріңіз

12 цифрды қамтиды

Полистің құны

Сақтандыруды сатып алу оңай

1
Құнын
еептеңіз
2
Деректерді көрсетіңіз және құжаттарды қоса тіркеңіз
3
Курьерді
кұтіңіз

Туристтерге сақтандыру туралы

Сақтандыру туристті денсаулықпен байланысты мәселелерден бастап ұшу барысындағы жүктен айырылып қалуға дейін қорғауға көмек көрсетеді.

Полис жіті аурумен, созылмалы аурудың асқынуымен байланысты немесе жазатайым оқиғалардың нәтижесінде көрсетілетін жедел және шұғыл медициналық көмекті өтейді.

Өнім туралы толығырақ

Сақтандыруды рәсімдеу

Жиі қойылатын сұрақтар

Әр түрлі елдердің медициналық мекемелерінде қандай да бір аймақтық ерешеліктер бар ма?

Әр түрлі ерекшеліктер мен әдеттен тыс жағдайлар туындағанда түсініктемелер алу үшін өзіңіздің сақтандырушыңызға жүгінуді ұсынамыз. Мысалы, АҚШ-да және Францияда емделушінің хал-жайы туралы үшінші тұлғаларға, тек оның рұқсатынан кейін ғана хабарланады. Вьетнам, Таиланд, Индонезия және басқа елерде аурухана әкімшілігі емделушінің төлқұжатын алып қояды және оны ауруханадан шыққанда ғана қайтарып береді. Альпіде құтқару қызметтері сақтандыру полисінің бар-жоғына қарамастан құтқару операциясын жүргізу үшін шотты ұсынады. Түркияда, Таиландта және Мысырда денсаулықты түзету үшін қажетті ретінде ақылы медициналық қызметтерді зорлап міндеттеуі мүмкін.

Сақтандыру компаниясы шетелдегі операцияның ақысын төлейді ме?

Егер бұл пластикалық операция немесе көз көруін түзету бойынша жіті операция болса, онда төлемейді. Егер аппендицит қозуы нәтижесінде немесе жазатайым оқиға салдарынан операция жасау қажеттілігі туындаса, онда шағындарды сақтандыру компаниясы төлейді, бірақ келісімшартта көрсетілген сақтандыру сомасынан артық емес мөлшерде.

Қандай жағдайларда сақтандыру сомасы жоғарырақ болатын сақтандыру қажет?

Егер турист спортпен, әсіресе экстремалдық спортпен шұғылданатын болса.

Сақтандыру полисі әлемнің қай елінде жарамды?

Сақтандыру арқылы қорғау, сақтандыру полисінде көрсетілеген елде жарамды болады.

Сақтандыру полисінде ТАӘ қате жазылған, оны қалай түзетуге болады?

Ерінбей және өз деректеріңізді рәсімдегеннен кейін бірден тексеруді ұсынамыз. Қате анықталған жағдайда сақтандыру компаниясының менеджеріне жүгініңіз. Полисті демалысқа кеткенге дейін қайта рәсімдеу қажет.

Визаға арналған дәліз деген не?

Шенген визасы басқа елдерде болып қайтудың белгілі күндер санын қарастырады. Кейбір елшіліктер, егер турист денсаулық жағдайларына байланысты тұрақты мекендейтін елге уақытылы қайта алмаған жағдайда, полисте визалық дәліздің болуын талап етеді. Мұндай жағдайда сақтандыру полисі осы мерзімдерді есепке алумен рәсімделеді.

Сақтандырудағы франшиза деген не?

Франшиза- бұл сақтандыру компаниясын белгілі мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату, яғни, клиенттің залалдың белгілі бөлігін өзіне алатын жағдай. Әдетте, бұл сома 30 доллар мөлшерінде болады. Франшизасы бар мұндай полистің құны төмен болады, бірақ егер сақтандыру жағдайы орын алатын болса, сақтандыру сомасынан франшиза сомасы ұстап қалынады.

Егер емделу құны сақтандыру сомасынан жоғары болса, не істеу қажет?

Сақтандыру компаниясы тек қана келісімшартта көрсетілген соманы төлейді. Бұл туралы сақтандырылғанды немесе оның өкілдерін алдын ала ескертеді.

Сақтандырылмайтын жағдай деген не?

Сақтандыру компаниясы тиісті құжаттық расталуы жоқ қызметтермен байланысты шығындарды өтемейді: шоттар, түбіртектер, қазыналық чектер, жасанды немесе бұрмаланған құжаттар ұсынылғанда; сақтанушының өрескел абайсыздығы немесе немқұрайлығы, сонымен қатар қасақана әрекеттері; егер сақтандыру жағдайы әр түрлі әскери әрекеттердің немесе әскери іс-шаралардың және олардың салдарынан орын алса; егер сақтандыру жағдайы орын алған сәтте турист алкогольдің немесе есірткінің әсерінде болса және т.б.
Сақтандыру келісімшартына сәйкес өтем шегінен шығатын сырқаттар мен денсаулықтың бұзылулары сақтандыру жағдайының ерекшелігі болып табылады.
Жүктің жоғалуын сақтандыру барысында сақтандыру арқылы қорғау келесі мүлікке қатысты БОЛМАЙДЫ: ақшаға, құнды бұйымдарға, құнды қағаздарға, асыл металл құймаларына, жиектемесіз асыл және жартылай асыл тастарға; антикварлық және бірегей бұйымдарға, өнер туындыларына және топтама заттарына (ғылыми, тарихи немесе көркем мәндері бар, сонымен қатар әуесқой мақсаттарда жинақталған қандай да бір біркелкі заттарды (маркаларды, күнтізбелерді, белгішелерді, өсімдіктерді және т.б.) жинау) және т.б.

Сақтандыру жағдайлары шетелде қайда жиі орын алады?

Туристтердің жарақаттану және ауыру жағдайларынң ең жоғары пайызы Түркияда тіркелген. ЖКО салдарынан болған жарақаттар бойынша Мысыр көшбасшы болып табылады. Одан кейін Таиланд, Болгария, Кипр және Греция. 

Денсаулықты сақтандыру

Тумар
Тұмар

Отбасылық
сақтандыру

Креатив-СОС
Креатив-СОС

Қолжетімді медициналық
сақтандыру