«Тұмар» — отбасылық сақтандыру

Медициналық сақтандыру

Негізгі сақтандырылғанның келісімшарт құны 310 000 тг. Бір келісімшартқа отбасының 3 мүшесіне дейін қоса тіркеуге болады.

Сіздің байланыс деректеріңіз

12 цифрды қамтиды

Сіздің телефон нөміріңіз

Полистің құны

Барлығы: 310 000 теңге

Өз бетінше сатып алу

Ал сосын Сіз үшін қолайлы уақытта курьер дайын сақтандыру шартын өз қолыңызға береді.

Арқылы сатып алу менеджері

және егжей-тегжейлі нақтылау және полисті үйге немесе жұмыс орнына жеткізуді ұйымдастыру үшін Сізге екі минут ішінде қайта қоңырау шалады.

Өз сақтандыруыңызға сыйлық таңдаңыз

Сыйлықтар сұрыптамасы бар болуына байланысты ерекшеленуі мүмкін. Сыйлықтың бар болуы туралы менеджерден немесе Call-center-ден нақтылауға болады: +7 727 244 74 00

Сақтандыруды сатып алу оңай

1
Құнын
еептеңіз
2
Деректерді көрсетіңіз және құжаттарды қоса тіркеңіз
3
Курьерді
кұтіңіз

«Тұмар» полисі

«Тұмар» бағдарламасымен жедел жәрдем, амбулаториялық-емханалық емдеу, отбасылық дәрігер мен мейірбикенің үйде көрсететін қызметтері, ауруғанаға жатып емделу, профилактикалық тексеру, тұмауға қарсы вакциналау, уқалау қызметтері өтеледі, стоматология мен дәрі-дәрмектерге шектер 50 мың теңгеден өтеледі.

Өнім туралы толығырақ

«Тұмарды» рәсімдеу

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерікті медициналық сақтандыру келісімшарты бойынша бірден бірнеше клиникаларда медициналық қызмет алуға болады ма?

Иә, болады. «Коммеск-Өмір» емдеу-профилактикалық мекемелердің кең желісімен белсенді түрде бірге қызмет жасайды: емханалармен, ауруханалармен, стоматологиялық клиникалармен және дәріханалармен. Бастапқы қабылдауды отбасылық дәрігер жүзеге асыратын тікелей қолжетімділіктің медициналық мекемелері сақтандырылғандардың пайдалануында, қажеттілік болған жағдайда емделушіні кейінгі зертханалық-аспаптық тексеруге немесе салалық маманнан кеңес алуға жібереді.

Бағдарламамен өтелмейтін қандай ерекшеліктер бар болуы мүмкін?

Сақтандыру компаниясы созылмалы ауруларды асқынуларды қоспағанда диагностикалаумен және емдеумен; жүктілікпен және бала туумен (жүктілілерге арналған арнайы мамандырылған бағдарламаны қоспағанда); бір жасқа дейінгі балаларды үйде күтумен (арнайы бағдарламаны қоспағанда); егер басқасы бағдарламамен қарастырылмаған болса, шипажайлық-курорттық емдеумен және оңалту іс-шараларымен; туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды және олардың асқынуларын, даму кемістіктерін диагностикалаумен және емдеумен; әлеуіметтік маңызды және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбегіне кіретін ауруларды диагностикалаумен және емдеумен байланысты және т. б. шығындар үшін жауапты емес.
Сақтандыру бағдарламасымен және жағдайлардың орын алу жағдаяттарымен анықталатын сақтандыруды өтеудің басқа да ерекшеліктері бар.

Ерікті медициналық келісімшарттың шарттарын оның әрекет ету кезеңінде, егер қолжетімді қызметтер тізбесін өзгерту қажеттілік туындаған болса, өзгертуге болады ма?

Егер көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту немесе басқа да тәсілмен медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту қажет болса, онда қосымша төлем жасау қажет болады.

Бағдарлама құнына не әсер етеді?

Құны бағдарламаның толтырылуына және медициналық қызметтер көлеміне байланысты.

Осы бағдарлама бойынша сақтандыру рәсімі қандай?

Клиент өтініш сауалнаманы толтыруы тиіс, одан кейін екі тараптан қол қойылатын сақтандыру келісімшарты бекітіледі.

Ерікті медициналық сақтандыру келісімшартын қандай мерзімге бекітуге болады?

Ерікті медициналық сақтандыру келісімшарты бір жылға бекітіледі.

Үйлестіруші орталық сақтандырылғанға қандай көмек көрсете алады?

Үйлестіруші орталықтың медициналық білімі бар операторы медициналық көмектің оңтайлы нұсқасын таңдауға көмектеседі: сақтаныдырлғанның қажеттіліктерін ескере отырып, ол ең лайықты медициналық мекемені және дәрігерді ұсынады.

Менің медициналық карточкам бойынша туысым медициналық көмек ала алады ма?

Берілген сәйкестендіру карточкасы келісімшартта көрсетілген сақтандырылған тұлғаға тиесілі, сондықтан, тек сол ғана медициналық көмек алуға құқылы. Медициналық мекемелерге жүгіну барысында карточка мен жеке тұлғаны куәландыратын құжат көрсетіледі. Сіздің қалауыңыз бойынша туысыңыз медициналық сақтандыру келісімшартына қоса тіркеле алады.

Денсаулықты сақтандыру

Жазатайым оқиғадан
Жазатайым оқиғадан

Әрбір өрт сөндіруші үшін

Креатив-СОС
Креатив-СОС

Қолжетімді медициналық сақтандыру!