Жазатайым оқиғадан сақтандыру

Еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыздық кезінде пайда болу мүмкін мәселерді қаржылай шешу.

Сақтандыру жағдайы орын алғанда сақтандыру төлемінің сомасын сіз емделу үшін немесе өз қалауыңыз бойынша жұмсай аласыз.

Адам саны

Сіздің байланыс құралдарыңыз

12 цифрды қамтиды

Эл. пошта

Полистің құны

Сақтандыруды сатып алу оңай

1
Құнын
еептеңіз
2
Деректерді көрсетіңіз және құжаттарды қоса тіркеңіз
3
Курьерді
кұтіңіз

Жазатайым оқиғадан сақтандыру

Біздің серпінді кезеңімізде біз тайсалмай жоспарлар құруды және өзіміз бен өз жақындарымыз үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қалаймыз. Бірақ денсаулықпен байланысты кенет мәселелер туындаған жағдайда кепілдендірілген қаржылай қор болуы қажет.
Жазатайым оқиғалардан өмір мен денсаулықты сақтандыру- бұл сіз үшін қымбат адамдардың қамын ойлаудың сенімді тәсілі.

Өнім туралы толығырақ

Сақтандыруды рәсімдеу

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазатайым оқиғадан сақтандыру полисі не үшін қажет?

Адамдер неліктен өмірі мен денсаулығын сақтандырады?Өйткені бір адам өмірінде тек қана өз күшіне сеніп әдеттенген және денсаулықпен болған күтпеген мәселелер туындаған жағдайда кепілдендірілген қаржылай қоры бар болғанын қалайды, ал екіншісі- отбасының негізгі асырап-сақтаушысы және өзімен бірдеңе болып қалса, өз туыстарының күнкөріс қаражатынсыз қалмайтынына сенімді болуы тиіс.

Жазатайым оқиғалардан сақтандырудың ауырған жағдайда ерікті медициналық сақтандырудан айырмашылығы қандай?

Жазатайым оқиғалардан сақтандыру барысында сақтандыру төлемін сақтандырылған алады, ерікті медициналық сақтандыру барысында көрсетілген қызметтер үшін төлем медициналық ұйымдарға өтеледі. Көпшілік жазатайым оқиғалардан сақтандыруды ерікті медициналық сақтандырудың баламасы ретінде, оның құны арзан болғандықтан таңдайды.

Балаларды неден сақтандыруға болады?

Балаларды келесіден сақтандыруға болады:

  • соғып алудан- жарақаттан, созылудан, жараланудан, сынықтан, мүшелердің немесе сіңірлердің үзілуінен, шығып кетуден, күйіктен, үсіктен, күн өтуден, суға батудан, ағзаның салқындауынан;
  • жануарлармен байланыста болу нәтижесінде туындаған зақымдардан;
  • химиялық заттармен, дәрі-дәрмектермен, азық-түлік өнімдерімен, улы өсімдіктермен, жәндіктер мен жыландардың уларымен уланудан.

Жазатайым оқиғалардан сақтандыру полисі құнына не әсер етеді?

Полистің құны сақтанушы таңдаған сақтандыру сомасына, сақтандыру қауіптері жинағына, сақтандыру кезеңі мен аумағына байланысты болады.

Балаға сақтандыру келісімшартын кім жасай алады?

Ата-аналар, қамқоршылар, басқа туыстар, сондай-ақ заңды тұлғалар- бала бақшалар, спорттық секциялар, туристтік фирмалар, балалар шипажайлары және басқалар.

Сіздердің компанияларыңызда жазатайым оқиғалардан сақтандырудың басқа қандай бағдарламалары бар?

Жазатайым оқиғалардан сақтандыру - 18-ден 65 жасқа дейінгі тұлғалар үшін.
Балаларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру - 2-ден 17 жасқа дейін.
Жүргізушіні және жолаушыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру - көлік құралының ішінде болған тұлғалар үшін.
«Жарыстар» бағдарламасы – спорт жарыстарына қатысатан спортшылар үшін.

Жазатайым оқиғалардан сақтандыру кім үшін маңызды?

Кез келген адам үшін, бірақ әсіресе, жарақаттану қауіпі бар жұмыстармен байланысты адамдар мен спортшылар үшін маңызды.

Мен өз итімді жазатайым оқиғалардан сақтандыра аламын ба?

Өкінішке орай, біздің компаниямыз үй жануарларын сақтандыруды жүзеге асырмайды.

Денсаулықты сақтандыру

Тұмар
Тұмар

Отбасылық
сақтандыру

Креатив-СОС
Креатив-СОС

Колжетімді медициналық
сақтандыру