КАСКО калькуляторы

КАСКО- ол сіздің автомобиліңіздің міндетті сақтандыруға енгізілменген кез келген жайсыздықтардан толық қорғанысы. КАСКО сіздің автомобиліңіздің жөндеуін, егер тіпті сіз өзіңіз – апатқа айыпты болсаңыз немесе ЖКО-сыз өз машинаңызды бүлдіріп алған болсаңыз да толық өтейді.


Көлік құралы бойынша ақпараттар


Көлік иесі мен жүргізушісі бойынша ақпараттар

12 цифрды қамтиды


Сақтандыру опциялары

Қосымша қорғау

Полистің құны

Сақтандыруды сатып алу оңай

1
Құнын
еептеңіз
2
Деректерді көрсетіңіз және құжаттарды қоса тіркеңіз
3
Курьерді
кұтіңіз

КАСКО не үшін қажет

АвтоКАСКО- бұл сіздің автомобиліңізді келесі ықтимал жайсыздықтардан сақтандыру: айдап салудан, ЖКО (кім айыпты екені маңызды емес), үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен, заттардың құлауынан, өрттен, жарылыстан, дүлей және табиғи апаттардан.

Өнім туралы толығырақ

КАСКО рәсімдеу

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен міндетті полисті сатып алдым, маған АвтоКАСКО не үшін қажет?

Міндетті автосақтандыру- бұл Сіз айыпты деп табылған ЖКО кезінде Сіз зиян келтіруіңіз мүмкін болатын үшінші тұлғалар алдындағы сіздің жауапкершілігіңізді сақтандыру. АвтоКАСКО- бұл сіздің автомобиліңізді келесі ықтимал жайсыздықтардан сақтандыру: айдап салудан, ЖКО (кім айыпты екені маңызды емес), үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен, заттардың құлауынан, өрттен, жарылыстан, дүлей және табиғи апаттардан.
Былай айтқанда, КҚИ АҚЖ МС- бұл сізден зардап шеккендерге төлем (бірақ сізге емес), ал КАСКО- сіздің автомобиліңізге келтірілген залалды өтеу.

Автомобильді сақтандыру алдындағы тексеруге қашан ұсыну қажет?

Келісімшартты бекіткенге дейінгі кез келген уақытта. Егер КАСКО келісімшарты бекітіліп қойған және өткен жылда сақтандыру жағдайлары орын алмаған болса, ал жаңа келісімшарт ағымдағы келісімшарттың әрекет ету мерізімінде бекітілген болса, тексеруден өту қажет болмайды.

Егер машинада бүлінулер бар болса, КАСКО бойынша сақтандырылуға болады ма?

Иә, болады, бірақ бар ақаулар мен бүлінулер сақтандыру алдындағы тексеруде тіркеледі.

Егер жүргізуші Автокаско келісімшартына енгізілмеген болса, сақтандыру жағдайы барысында залал өтеледі ме?

Егер сақтандыру жағдайы кезінде (мысалы, ЖКО-да) автомобильде сақтанушы жанында болса және осы факт құзыретті органның құжаттарымен расталған болса, сақтандыру төлемі жүзеге асырылатын болады.

Егер автомобиль әлі есепке қойылмаса, КАСКО рәсімдеуге болады ма?

Жоқ.

 

Франшиза деген не?

Франшиза- бұл өтеген кезде шығынның компания төлемейтін бөлігі. Сақтанушы франшиза мөлшерін өз қалауы бойынша таңдай алады.

Касконы бірнеше айға сатып алуға болады ма?

АвтоКАСКО келісімшарты кез келген мерзімге жасалады, алайда сақтандыру мерзімі неғұрлым қысқа болса, құны соғұрлым жоғары болады, 1 жылға сақтандыру тиімдірек.

Сіздердің компанияларыңызда КАСКО бойынша жеңілдіктер бар ма?

Жеңілдіктер бар, олар апатсыз жол жүру үшін қарастырылған.

Қымбат емес машина үшін АвтоКАСКО не үшін қажет?

Тәжірибеде кейбір сақтандырушылар 10-12 жылдан асқан машиналарды сақтандыруға алмайды. «Коммеск-Өмір»-де машинаны сақтандыруға пайдалану мерзіміне байланысты шектеулер жоқ. Кез келген жағдайда, ұсталған машинаның құны болады, және оның иеленушісі одан кездейсоқ айрылып қалғысы келмейді.

Мен- ұқыпты жүргізушімін, маған каско не үшін қажет?

Күмәнданбаймыз, алайда басқа жүргізушілердің де жол жүру ережелерін ұстанатындарына және ұқыпты жүргізетіндерінде сенім жоқ. Автомобильді көлікжайда кенет зақымдауы мүкмін, оған сүңгі немесе ағаш құлап кетуі мүмкін немесе басқа да жайсыздықтар орын алу мүмкін: айдап салу, ұрлау, өрт немесе дүлей апат. АвтоКАСКО дәл осындай жағдайларда көмек көрсетеді.

Сонымен қатар автомобильді сақтандырудан қараңыз

Коммеск-Комфорт
Коммеск-Комфорт

Қосымша қорғаныс

АҚЖМС
АЖҚМС

Міндетті сақтандыру